ШҚО-да төрт түлік арасында құтырма дерті дендеді

Фотография - ШҚО-да төрт түлік арасында құтырма дерті дендеді

Енді Шар қаласында төрт-түлік құтырма ауруын жұқтырған.

185 0

Шығыс Қазақстанда аусыл дерті ауыздықталмай тұрып, малдан тағы бір қауіпті індет анықталды. Енді Шар қаласында төрт-түлік құтырма ауруын жұқтырған.

Бүгін мал қорымында осындай 6 ауру сиыр өртелді. Бір жайылымда жүрген 100-ге тарта ірі қара мен мың шақты ұсақ жандыққа тиісті дәрі егілген. Сондай-ақ, тұрғындардың қора-қопсысы залалсыздандыруда.

Ал аусыл дерті дендеген Үржар ауданындағы Ақшоқы елді-мекенінде тағы 100 сиырдың көзі жойылды. Осымен қырылған ірі қара саны 800-ге жуықтап отыр. Індет ошағында жұмыс істеп жатқан мамандардың айтуынша, малдан бұрын-соңды кездеспеген аусылдың жаңа типі табылыпты. Бұл тек Қытайдан келуі мүмкін екен. Сондықтан карантин 21 күнге ұзартылды. Ветеринарлардың вакцинасы да таусылып, екпені Ресейден тапсырыспен алдыртуда. Ал шығынға шаш етектен батқан шаруаларға өтемақы төлену-төленбеуі де белгісіз.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!