Алматы тұрғыны экскаваторды ұрлап әкетіп, темірге өткізіп жіберген

Фотография - Алматы тұрғыны экскаваторды ұрлап әкетіп, темірге өткізіп жіберген

Іле АІІБ ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

220 0

Алматы тұрғыны Алматы облысында ұрланған экскаваторды темір қабылдайтын орынға өткізіп жіберген, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

«Алматы облысының полицейлері Алматының 35-жастағы тұрғынын экскаватор ұрлады деген күдікпен ұстады, Іле АІІБ-ге құны екі млн теңге тұратын «ЭО-412 А-1» экскаваторының ұрланғаны туралы Боралдай ауылындағы кірпіш зауытының қожайыны шағымданды, арнайы техника 16-24 мамыр аралығында қолды болған», - деді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Көбейхан Нұрахмет.

Зардап шегушінің сөзіне қарағанда, экскаватор жүріп тұрған, бірақ оны кранмен көлікке тиеп әкеткен көрінеді.

«Жол полициясы іздеу бөлімінің жедел қызметкерлері ұрыны ұстады, белгілі болғандай, экскаваторды Алматы маңындағы темір қабылдайтын орынға өткізіп жіберіпті. Полицейлер бар-жоғы 350 мың теңгеге бағаланып кеткен экскаватордың бір бөлігін ғана тапты, темір қабылдаушылар оны бөлшектеп үлгерген екен», - деп түсіндірді Көбейхан Нұрахмет.

Іле АІІБ ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!