Қызылордада әйелін өлтірген екі баланың әкесі сотталды

Фотография - Қызылордада әйелін өлтірген екі баланың әкесі сотталды

 Бұл туралы облыстық сотың баспасөз қызметі хабарлады.

151 0

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелін өлтірген екі баланың әкесін жазаға кескен үкім шығарды. Бұл туралы облыстық сотың баспасөз қызметі хабарлады.

Сотталушы Т. халықаралық әйелдер мерекесінде үйіне мас болып келеді. Жұбайының ішімдік ішіп келгенін көрген заңды некедегі әйелі: «Бұлай арақ іше беретін болсаң, балаларымды алып кетіп қаламын»,-деп дау шығарады. Әйелінің ашуланғанына мереке күні ешқайда қыдырмағаны да себеп болса керек. Ертеңіне айқай-шу одан әрі жалғасып, әйелі Н. күйеуінің киімдерін лақтырып үйден қуады. Онымен қоймай намысына тиіп, күйеуінің анасы мен бауырлары туралы жаман сөздер айтады. Бұдан әрі әйелінің былапыт сөздеріне шыдамаған күйеуі оны қорқытпақ болып, мойнынан қолымен күштеп қысып, үйдің қабырғасына тақап, қылғындырып дем бермей, нәтижесінде буындырып өлтіріп алғанын аңғармай қалады.

Басты сот талқылауында Т. өзіне тағылған айыпты толықтай мойындап, 8 наурыз күні сағат жетілер шамасында ащы суды біраз ішкеннен кейін, үйіне келіп ұйықтап қалып, таңертең оянғанда әйелімен жанжалдасып соңында өлтіріп алғанын айтады. Сотталушы полиция басқармасына өз еркімен барып, істеген әрекетіне өкінетінін, әйелін қасақана өлтірмегенін айтып, ақталады.

Қылмыстың салдарынан кәмелетке толмаған екі жас бала анасыз қалды. Ал екі баланың әкесі өз әйелін өлтіргені үшін сотталып, қылмыскер атанды.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Т. ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі түзеу колониясында 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеген. Қазіргі уақытта апелляциялық шағым келтірілуіне орай, аталған іс облыстық соттың апелляциялық сот алқасында қаралуда.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!