Бақылау камерасына 42 рет түскен жүргізуші 800 мың теңге айыппұл төлейді

Фотография - Бақылау камерасына 42 рет түскен жүргізуші 800 мың теңге айыппұл төлейді

Астанада жол ережесін сан мәрте бұзып, айыппұлын төлемей жүрген көлік иесі ұсталды

195 0

Астанада жол ережесін сан мәрте бұзып, айыппұлын төлемей жүрген көлік иесі ұсталды. Жол сақшыларына ұстатпаған жүгенсіз жүргізушінің соңына тіпті сот орындаушылары да түскен.

Мына "Лада" автокөлігін тақымдаған жас жігіт бақылау камерасына 42 мәрте түсіп қалған. Жылдамдықты асырғанымен қоймай, тәртіп бұзушы әр камераға қолын бұлғап өтіпті. Жалпы берешегі 800 мың теңгеден асады.

Жол сақшылары мен сот орындаушылары оны бірнеше күн аңдып жүріп, ақыры көлігін жуып жатқан жерінде үстінен түсті. 21 жастағы шымкенттік азамат Астанада такси жүргізушісі болып жұмыс істейді екен. Енді жүгенсіз жүргізуші 5 күн ішінде айыппұлын төлеуі тиіс. Өйтпеген жағдайда, темір тұлпары тәркіленеді.

"Байқамай қалдым. Байқамай, таксистпін ғой, аэропортқа бара жатып, ана жаққа асығып бара жатып, байқамай қалдым", - дейді ол.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!