"Жезөкшелер үйінде болған" полицейлер қызметтен босады

Фотография - "Жезөкшелер үйінде болған" полицейлер қызметтен босады

Атырауда жезөкшелер пәтерінде болғаны анықталып, одан әйелдер киімін киіп сытылып шықпақ болған полицейлер қызметінен босатылды.

500 0

Атырауда жезөкшелер пәтерінде болғаны анықталып, одан әйелдер киімін киіп сытылып шықпақ болған полицейлер қызметінен босатылды.

Атырау қаласы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Хамза Үмбетқалиевтің айтуынша, қызметінен босатылған полицейлер 25 мамырға қараған түні қаладағы  жезөкшелер тұрып жатқан үйде болған. Полицейлердің пәтерге кіргенін байқап, оны видеоға түсіріп алған көрші тұрғындар бірден полиция шақырып, оларды сыртқа шығармаған. Бірақ жедел жеткен патрульдык полицейлер тұрғындардың жезөкшелер пәтеріне кіріп кеткен екі полицейді алып шығу талабын орындамаған. Тұрғындардың айтуынша, пәтерде қамауда қалған екі полицей амалын тауып әйел киімінде сытылып шығып кеткен. Бірақ сырттағы полицейлер оларға ешқандай шара қолданбаған.

"Пәтерде болған екі полицей "құқық қорғау қызметкерінің беделін түсіргені үшін" жұмыстан шығарылды. Сол жерге барған полиция командирі, оқиға болған аумаққа жауапты екі учаскелік полицей де қызметтерінен босатылды" дейді Үмбетқалиев.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!