Шаңырақ көтергелі отырған жігіт тура тойының алдында достарының қолынан өлді

Фотография - Шаңырақ көтергелі отырған жігіт тура тойының алдында достарының қолынан өлді

Арақ ішпегені үшін айуандықпен өлім құштырған

259 0

Арақ ішпегені үшін айуандықпен өлім құштырған деп хабарлайды  КТК телеарнасы.


Атырауда шаңырақ көтергелі отырған жігіт тура тойының алдында достарының қолынан өлді. Бойдақтықпен қоштасу кешін ұйымдастырған жастар, ақыры араққа бола жаға жыртысыпты. Ішімдіктен бас тартқан 25 жастағы Дәуренбек Пернебековті достары өлімші етіп сабап, шалажансар күйінде есік алдына лақтырып кеткен. Жігіт қансыраған беті дәрігерлік көмекке де жете алмай жан тапсырған.Қазір «қылмысқа қатысы бар» деген күдікпен 2 азамат қамауда отыр. Бірақ марқұмның жақындары қандықол достардың тағы 2-уі бостандықта жүргенін айтады.


Қама Майбасова 40 күн бұрын ғана кенже ұлының үйлену тойына қамданып жүрген еді. Енді, міне, қайғыдан бас көтере алмайтын халде. 25 жастағы Дәуренбек Пернебековті тура тойының алдында біреулер ұрып өлтірген. Сөйтіп ақ дастарханның арты қазалы асқа ұласқан.


Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ жауапқа алынып жатқан 2 адам ғана. Өзгесі бостандықта. Ал алдына келген науқасқа жедел көмек көрсетуді құп көрмеген кезекші дәрігер болса, былтыр ғана қолына диплом алған Ардақ Қайдаров есімді жас маман екен. Осы оқиғадан кейін ол басқа ауруханаға жұмысын ауыстырып үлгеріпті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!