Қаржы полициясы 6 млн. теңге пара алған шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғады

Фотография - Қаржы полициясы 6 млн. теңге пара алған шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғады

Ағымдағы жылғы 23 мамырда Қаржы полициясы агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі Құрылыс басқармасы бастығының орынбасары А.Орманчинаға қатысты қылмыстық іс қозғады

171 0

Ағымдағы жылғы 23 мамырда Қаржы полициясы агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі Құрылыс басқармасы бастығының орынбасары А.Орманчинаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Ол 2013 жылдың 24 сәуір мен 3 мамыр аралығында бопсалау арқылы тұтынушы кооперативі директорынан облыстың аудандарында 3 емхана мен 1 мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз атану үшін 6 млн.теңге пара алды деп күдіктелуде.

Қазіргі уақытта бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі шешілуде, деп хабарлады Қаржы полициясы агенттігінің баспасөз қызметі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!