Қызылордада кісі өлтіріп, мәйітті өртегендер ұсталды

Фотография - Қызылордада кісі өлтіріп, мәйітті өртегендер ұсталды

еп хабарлайды Қызылорда облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі

139 0

Мамыр айының ортасында Жосалы кентінің сыртында 34 жастағы кент тұрғынының өртелген денесі табылған. Полиция қызметкерлерінің тыңғылықты іздеу шараларының нәтижесінде кісі өліміне қатысы бар үш адам ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Қармақшы ауданында 34 жастағы жігітті өлтіргендердің айтуынша оқиға былай өрбіген.

«Қылмысқа қатысы бар күдіктілердің бірі 1987 жылы туған Е.Е. 16 мамырда жеке көлігімен кент орталығында жолаушы тасымалдап жүреді. Аудандық аурухана тұсында жәбірленуші Ж.С. әлгі автокөлікті тоқтатып, оның сұрауы бойынша екеуі орталықтағы бір дүкеннен спирттік ішімдік алып, бір-бірімен танысып, көлік ішінде бірге ішімдікті ішкен», деп көрсетілген хабарламада.

Көлік жүргізушісі Е.Е. ұялы телефонмен танысы Қ.Б.-ға қоңырау шалып, бірге ішімдік ішуге шақырады. Көліктегі екеуге жүргізушінің танысы Қ.Б. Ш.С.-ны ертіп келеді.

Төртеуі бірігіп кент орталығындағы бау-бақшаға келіп, ішімдік ішуді жалғастырады. Масайған уақытта Е.Е. мен Ж.С-тің арасында жанжал туындап, төбелеске ұласады. Сол уақытта жүргізуші Е.Е.-нің таныстары Қ.Б. мен Ш.С. төбелеске араласып, құлап жатқан Ж.С.-ді тепкінің астына алады. Жәбірленуші есінен танып қалады.

Осы кезде айыпталған үшеу өздерінің мініп келген көлігіне есінен танып қалған жігітті салып, Жосалы кентінен 3-4 шақырым кісі жүрмейтін жерге жеткізеді.

«Күдіктілердің бірі Ш.С. қолына көліктегі пышақты алып, жәбірленушінің кеудесіне үш рет ұрады. Ал көлік жүргізушісі Е.Е. болса, көліктен құтыға бензин құйып алып, жәбірленушінің үстіне құяды. Сол кезде Қ.Б. бензинді тұтатып, жәбірленушіні өртейді» деп жазылған ақпар хатта.

Жәбірленушінің өртенген мәйіті оқиға орнынан 4 күннен кейін табылған.

Қазіргі таңда қылмысқа қатысы бар үш күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің үстінен ҚР ҚК-нің 96-бабы, 2-бөлігінің «д,ж» тармақтарымен іс-қозғалуда.

«Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, ұсталған азаматтар 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзім аралығында бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!