Атырауда аудан әкімдігінің бухгалтері өлтірілді

Фотография - Атырауда аудан әкімдігінің бухгалтері өлтірілді

Атырау облысында Махамбет аудандық әкімдігінің есепшісі өлтірілді.

263 0

Атырау облысында Махамбет аудандық әкімдігінің есепшісі өлтірілді.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова хабарлағандай, 27 мамыр күні 1962 жылы туған әйелдің денесі өз үйінде пышақ жарақатымен табылған. Жедел тергеу тобы күдіктіні қолға түсірді.

«Ол 1993 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны. Оның айтуы бойынша, ол ұрлық жасау мақсатында түнде терезе арқылы үйге кірген. Ұйқыдан оянып кеткен әйел шақырусыз қонақты үйден шығаруға тырысқан. Араларында дау-дамай туындайды, салдарынан қарақшы бұған дейін Махамбет кентіндегі үйлердің бірінен ұрлаған пышақпен әйелге соққы жасаған. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. ҚР ҚК-нің 96-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Г. Мұхтарова.

Күдіктің сөзінше, оның сыбайласы болған. Қазір ол іздестірілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!