Қосалқы стансадағы өрт мектеп, балабақша, 9 дүкен мен тұрғын үйлерді жарықсыз қалдырды

Фотография - Қосалқы стансадағы өрт мектеп, балабақша, 9 дүкен мен тұрғын үйлерді жарықсыз қалдырды

27 мамыр күні Ақтөбе облысының Тамды кентінде Ардагер көшесінде орналасқан №2 трансформаторлық қосалқы стансада өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

201 0

27 мамыр күні Ақтөбе облысының Тамды кентінде Ардагер көшесінде орналасқан №2 трансформаторлық қосалқы стансада өрт шықты.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Төтенше жағдай салдарынан Ә. Молдағұлова, Әйтеке би көшелеріндегі орта мектеп, балабақша, медициналық қосын, жатақхана, қос екі қабатты үй, 9 дүкен және 40 жекеменшік тұрғын үй жарықсыз қалды. Жалын 2 шаршы метр аумақты шарпыды. Жапа шеккендер жоқ.

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ «Өрт сөндіруші» АҚ филиалының 4 маманы мен бір техникасы жұмылдырылды, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның апаттық бригадасы бағытталды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!