Жамбыл облысында алты адам оқ жарақатын алды

Фотография - Жамбыл облысында алты адам оқ жарақатын алды

Жамбыл облысының Аса ауылында алты адам оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз-қызметі мәлімдеп отыр

134 0

Жамбыл облысының Аса ауылында алты адам оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз-қызметі мәлімдеп отыр. 

«Жарақат алғандардың денсаулығына байланысты тек екеуінен ғана түсініктеме алу мүмкіндігі туды. Олар мамырдың 27-інде сағат 01:30 шамасында ауыл стадионының алдында жиылып тұрған бір топ жас жігіттерді көргендерін айтты. Не болып жатқанын білу мақсатында көліктерінен шығып, сол жаққа қарай беттеген көрінеді. Жақындай бергенде қуыстан шыққан бір топ адам оларға тас атқылап, оқ жаудырған екен. Абырой болып, жарақат алған жігіттер көліктеріне мініп, орталық ауруханаға дер кезінде жетіпті»,-деді полиция қызметкерлері.

Аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 257 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!