Алматыда кәмелетке толмаған екі бала 12-ші қабаттан секіріп, мерт болды

Фотография - Алматыда кәмелетке толмаған екі бала 12-ші қабаттан секіріп, мерт болды

Оқиға орнына жеткен Медеу аудандық ІІБ-нің тәртіп сақшылары 1995 жылғы Алматы қаласының тұрғыны, ер баланың және 1998 жылғы Алматы облысының тұрғыны, қыз баланың мәйіттерін тапты

188 0

Алматыда кәмелеттік жасқа толмаған қыз бен бозбала 12-ші қабаттан секіріп, мерт болды.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқиға орнына жеткен Медеу аудандық ІІБ-нің тәртіп сақшылары 1995 жылғы Алматы қаласының тұрғыны, ер баланың және 1998 жылғы Алматы облысының тұрғыны, қыз баланың мәйіттерін тапты.

Бұл оқиға бойынша хабар 28 мамыр күні кешқұрым сағат 21.30-да Жедел басқару орталығының «102» нөміріне түсті. Ажал құшқан баланың анасы ұлының ізім-ғайым жоғалып кеткені туралы Жетісу аудандық ІІБ-ге арызданғаны анықталды.

Сот-медициналық сараптаманы өткізу үшін денелер мәйітханаға жөнелтілді. Бүгінде тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!