Астанада наразы әйел кранға шықты

Фотография - Астанада наразы әйел кранға шықты

Астанада Бағжан Аязбекова есімді әйел сотталған ұлын босатуды талап етіп, құрылыс алаңында тұрған кранның басына шығып алды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Оқиға болған жерге (Иманов пен Жұбанов көшелерінің қиылысына) полиция мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, жедел жәрдем көлігі жеткен.

139 0

Бұған дейін Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Бағжан Аязбековтің ұлы, 1987 жылы туған Азамат Аязбеков 2011 жылы "кісі бопсалады және билік өкілін (полицейді) жарақаттады" деп айыпталып, 9 жылға сотталғанын хабарлаған еді.

Бірақ бүгін наразылық танытқан Бағжан Аязбекова ұлын "жазықсыз сотталды" деп санайды. Оның сөзіне қарағанда, ұлы әуелі куәгер болған, кейін айыпталушыға айналып, сотталған.

Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!