Астанадағы «Азия парк» орталығының жанында мас адам полиция қызметкеріне оқ атты

Фотография - Астанадағы «Азия парк» орталығының жанында мас адам полиция қызметкеріне оқ атты

Астанадағы «Азия парк» ойын-сауық орталығының жанындағы аялдамада қоғамдық тәртіпті бұзған мас адам полиция қызметкеріне травматикалық қарудан оқ атты, Астана қалалық ішкі істер департаментінің мәліметіне сүйенсек, елордадағы «Есіл» ауданының ішкі істер бөліміне белгісіз біреулер «Азия парк» ойын-сауық орталығының жанындағы аялдамада қоғамдық тәртіпті бұзып, төбелесіп жатқандығы туралы ақпарат келіп түскен.

252 0

 Астанадағы «Азия парк» ойын-сауық орталығының жанындағы аялдамада қоғамдық тәртіпті бұзған мас адам полиция қызметкеріне травматикалық қарудан оқ атты,

Астана қалалық ішкі істер департаментінің мәліметіне сүйенсек, елордадағы «Есіл» ауданының ішкі істер бөліміне белгісіз біреулер «Азия парк» ойын-сауық орталығының жанындағы аялдамада қоғамдық тәртіпті бұзып, төбелесіп жатқандығы туралы ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнына келген Астана қалалық ішкі істер департаменті патрульді полициясының жасағы екі бұзақыны қолға түсірген. Алайда, оларды ұстау барысында ащы суға тойып алған бұзақылардың бірі қатты қарсылық танытқан. Ол көлікпен қашып кетпек болған, тіпті «ОСА» маркалы травматикалық қарудан полиция қызметкеріне оқ атқан. Бірақ, бұл әрекеттеріне қарамастан бұзақының қолына кісен салынды. Оның қаруы тәркіленіп отыр.

Аталмыш оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 321 бабы 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 1985 жылғы әлгі азамат болса Астана қалалық Ішкі істер департаментінің уақытша қамау изоляторына жабылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!