Жарымжан жандарды қайыршылыққа мәжбүрлеген алаяқтар ұсталды

Фотография - Жарымжан жандарды қайыршылыққа мәжбүрлеген алаяқтар ұсталды

Павлодарда Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары 44 жастағы әйел мен 24 жастағы жігіт қолға түсті.

237 0

Павлодарда Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары 44 жастағы әйел мен 24 жастағы жігіт қолға түсті.

Олар мүмкіндігі шектеулі жандарды алдап-арбап, тегін жұмысшылар ретінде пайдаланды деп күдіктелуде. Бұл туралы аймақтағы ІІД баспасөз қызметінен мәлім етілді.

Мүгедектер еліміздің солтүстік және оңтүстік астаналарының және Ақтау қаласының көшелерінде өздерінің «қамқоршылары» үшін қайыршылықпен айналысуға мәжбүрленген.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің мамандары күдіктілерді «сатушы» кейпіне енген қызметкерге арбаға таңылған азамат үшін 200 доллар беру кезінде тұтқындады. Алаяқтар жарымжан жанның құжаттарын иеленіп, оны пәтерінен  әкетіп те үлгерген.

Жаға ұстатарлық оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!