Қызылорда облысында тағы бір жасөспірім суға кетті

Фотография - Қызылорда облысында тағы бір жасөспірім суға кетті

Қызылорда облысының Арал ауданындағы Қызылжар елді мекені тұсында 16 жасар жасөспірім Сырдария өзеніне батып кетті

158 0

Қызылорда облысының Арал ауданындағы Қызылжар елді мекені тұсында 16 жасар жасөспірім Сырдария өзеніне батып кетті. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова хабарлады.

Оқиға 29 мамыр күні 13 сағат 30 минутта орын алған. Суға батып кеткен жасөспірімнің Қызылжар елді мекенінің тұрғыны 1997 жылы туған Қылышбек Оңғаров екені анықталды.

Оқиға орнына Арал ауданы ТЖБ-нен 1 адам, 1 техника және Қызылорда облысы ТЖД Арал ауданы «СҚҚ»  құрамындағы 3 адам, 1 бірлік техника, Арал ауданы ІІБ-нен 3 адам, 1 техника жұмылдырылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!