Өзбекстан тумасы өз әйелін 5 жыл бойы Астанада жезөкше ретінде сатқан

Фотография - Өзбекстан тумасы өз әйелін 5 жыл бойы Астанада жезөкше ретінде сатқан

 Бұл туралы Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

220 0

Өзбекстан Республикасының тумасы 5 жыл бойы заңды некелескен әйелін жезөкше ретінде сатып келген. Бұл туралы Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға алған шаралар барысында Өзбектан Республикасының тумасы өзінің заңды әйелін қорқытып, 5 жыл бойы жезөкше ретінде сатқаны анықталып отыр», - деп хабарлайды дереккөзі.

Сондай-ақ 1968 жылы туған П. деген азаматша пайда табуды көздеп, елорданың бір тұрғынына Б. деген азаматшаны «сатып» жіберген. Анықталып отырғаны, бұл әйел өте ұзақ уақыттан бері осындай арам жолмен ақша тауып келген екен. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғау туралы мәселе қаралып жатыр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!