Із-түссіз жоғалды деген 4 қыз Астанада жезөкшелікпен айналысқан екен

Фотография - Із-түссіз жоғалды деген 4 қыз Астанада жезөкшелікпен айналысқан екен

Бұл туралы Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр

220 0

Із-түссіз жоғалды деп Қазақстан бойынша іздеу жарияланған 4 қыз Астанада жеңіл жүріске берілген екен. Бұл туралы Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тәнін сатқан қыздар мен оларды бұл қылмысқа итермелеген адамдарды анықтап жатыр.

Соңғы үш тәулік ішінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жезкөкшелік көріністері көп байқалатын «Көктем» сауда орталығы, «Дәулет» сауда орталығы, моншалардың маңын тексеріп шыққан. Үш күн ішінде жеңіл жүрісті 47 келіншек анықталса, оның төртеуі осы уақытқа дейін «із-түссіз жоғалған» деп іздеуде жүргені анықталды.

Жедел шараларды жүргізу барысында елорданың полициясы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, 1983 жылғы азаматшаны қолға түсіреді. Жезөкшелікке салынған бұл әйел жоғалды деп тіпті халықаралық іздеуге салынған екен.

Жалпы, үш күн ішінде Өзбекстанның 2 азаматшасы мен қыздарды сатқан 3 "жеңгейтай" анықталған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!