Қазақстаннан Мәскеуге бет алған автобус аударылды

Фотография - Қазақстаннан Мәскеуге бет алған автобус аударылды

Қазақстаннан Мәскеуге бет алған автобус аударылды, ірі жол апатында тәртіп сақшылары жұмыс істеуде

334 0

Қазақстаннан Мәскеуге бет алған автобус аударылды, ірі жол апатында тәртіп сақшылары жұмыс істеуде.

Бұл туралы Ресейдің Самара облысы бойынша ІІД мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметінен хабарлады.

30 мамыр күні сағат 22.30-да «Кинель» ІІД кезекші бөліміне «Урал-Муханово» тас жолының 26-шы шақырымында «Мерседес» автобусы аударылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына Жолда жүру қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының қызметкерлері шықты. Тәртіп сақшылары көлік Қазақстаннан Мәскеуге бет алғанын анықтады.

Көліктің ішінде көрші мемлекеттердің бірінің азаматтары болды. Жол апаты салдарынан 10-ға жуық адам түрлі деңгейдегі жарақаттар алды. Жапа шеккендердің барлығы жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Бүгінгі таңда оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтауда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!