Қарағандыда полиция қызметкері травматикалық тапаншадан 3 адамды жарақаттады

Фотография - Қарағандыда полиция қызметкері травматикалық тапаншадан 3 адамды жарақаттады

Қарағандыда 31 мамыр күні түнгі сағат бірде Волочаевская көшесіндегі «Солнечный» дүкенінің маңында тәртіп сақшысы туындаған жанжал барысында 4 адамға травматикалық қарудан атқан. Олардың үшеуі оқ жарақаттарын алды

295 0

Қарағандыда 31 жастағы полиция қызметкері туындаған дау-дамай барысында травматикалық тапаншадан 3 адамды жарақаттады.

Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жаңатай Сембеков хабарлады.

«Қарағандыда 31 мамыр күні түнгі сағат бірде Волочаевская көшесіндегі «Солнечный» дүкенінің маңында тәртіп сақшысы туындаған жанжал барысында 4 адамға травматикалық қарудан атқан. Олардың үшеуі оқ жарақаттарын алды», - деді Ж.Сембеков.

Оның сөзіне сүйенсек, ол уақытта тәртіп сақшысы қызмет бабында болмаған. Полицияның ақпарына сәйкес, жапа шеккендердің екеуі масайған күйде болған.

«Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілуде, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Шаралар нәтижесінде процессуалды шешім қабылданбақ. Сонымен қатар қызметтік тексеріс те қолға алынды», - деп атап өтті Ж. Сембеков.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!