Полиция қызметкерін сабап, қамауға алынды

Фотография - Полиция қызметкерін сабап, қамауға алынды

Зеленов ауданы Щапов ауылында жеке үй құрылысын салуға келген Железнов ауылының тұрғыны А. полиция қызметкеріне  күш қолданды деген айыппен тұтқынға алынып, 30 мамырда  Зеленов аудандық соты оны екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді

117 0

Зеленов ауданы Щапов ауылында жеке үй құрылысын салуға келген Железнов ауылының тұрғыны А. полиция қызметкеріне  күш қолданды деген айыппен тұтқынға алынып, 30 мамырда  Зеленов аудандық соты оны екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Зеленов аудандық ішкі істер бөлімі А.Байбуловты ҚР ҚК 321-бабының 2-бөлігімен өкiмет өкiлiне қатысты күш қолданды деп айыптап отыр.

Тергеу мәліметіне қарағанда, осыдан бір ай бұрын, 29 сәуір күні 13.00 сағат шамасында Зеленов ауданы Щапов ауылында учаскелік полиция инспекторының көмекшісі үй құрылысын салуға көрші ауылдан келген жігіттерге арақ ішпеу, қоғамдық орындарда мас күйде жүрмеу туралы алдын алу шараларын жүргізген. Алайда әлгі жігіттер  соған қарамастан сол күні құрылыс басында арақ ішіп, мас күйлерінде көлікке отырып, тәртіп сақшысына бағынбаған. Полиция учаскесіне апармақшы болған инспекторды А. боқтап, балағаттап, күш көрсетіп, киімін, погонын жыртып, қылғындырған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!