Республика аймақтарында 6 адам суға батып кетті

Фотография - Республика аймақтарында 6 адам суға батып кетті

Солтүстік Қазақстан облысының Любимовка ауылында шомылу кезінде 16 жастағы жігіт суға батып кетті. Сағат 10-нан 35 минут кеткенде жергілікті тұрғындар оның мәйітін судан алып шыққан

260 0

Республика аймақтарында 6 адам суға батып кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысының Любимовка ауылында шомылу кезінде 16 жастағы жігіт суға батып кетті. Сағат 10-нан 35 минут кеткенде жергілікті тұрғындар оның мәйітін судан алып шыққан. 

Оңтүстік Қазақстан облысының Қайнар ауылында шомылу кезінде 3 бала:  9 жасар 1 бала және 12 жасар екі бала суға батып кеткен. Сағат 8-ден 45 минут кеткенде олардың мүрделерін ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы су-құтқару қызметі күштері (7 адам және 1 техника бірлігі) судан шығарды.

Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауылында шомылу кезінде 27 жастағы ер адам суға батып кетті. Сағат 22.00-де мәйітті  Батыс Қазақстан облысы суда құтқару қызметі күштері (4 адам және 1 техника бірлігі) тапты және судан шығарды.

Тараз қаласында байқаусызда ер адам арыққа құлап, суға батып кетті. Суда құтқару қызметі күштері және Жамбыл облысы ТЖД «ЖҚО» ММ (16 адам және 3 техника бірлігі) мәйітті іздестіру жұмыстарын жүргізуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!