ОҚО-да қаруланған діндар қолға түсті

Фотография - ОҚО-да қаруланған діндар қолға түсті

Салафизмдік бағыт ұстанатын дін өкілі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шақпақ шекара бекетінде қолға түсті. Оның өзімен бірге қару-жарақ пен есірткі болған

177 0

Салафизмдік бағыт ұстанатын дін өкілі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шақпақ шекара бекетінде қолға түсті. Оның өзімен бірге қару-жарақ пен есірткі болған.

Бұл жайында ОҚО-ның прокуратурасы мәлімдеді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары аталған бекетте көлікті тексеру үшін тоқтатқан. Оның жүргізушісі салафизмді насихаттайтын дәстүрлі емес діни ағымның өкілі болып шықты. Прокуратура қызсеткерлерінің мәлімдеуінше, ұсталған күдікті Шымкенттегі ұйымдасқан қылмыстық топтардың жетекшілерімен тығыз қарым-қатнаста болған. Оның көлігін тексеру кезінде жүргізуші орындығының астынан тапанша мен 147 оқ-дәрі және аяқ киімінің астынан марихуана табылды.

Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!