Қызылордада жол полицейлері ірі көлемдегі мал ұрлығының жолын кесті

Фотография - Қызылордада жол полицейлері ірі көлемдегі мал ұрлығының жолын кесті

Қызылорда облысында жол полицейлері 8 ірі қараны алып бара жатқан ұрыларды ұстады

167 0

Қызылорда облысында жол полицейлері 8 ірі қараны алып бара жатқан ұрыларды ұстады.

  Бұл туралы облыстық ішкі істер депарматентінің баспасөз қызметі хабарлады.

29 мамыр күні Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының қызметкерлері «Шымкент-Самара» тас жолы бойында қызмет атқарып тұрған уақытта Түркістан қаласына бет алып бара жатқан Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғынының «Газель» автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлікте 8  сиыр бар екені белгілі болған.

Құжаттарын қарау кезінде 2  сиырдың құжаты Шиелі ауданы Жөлек ауылындағы бір азаматқа тиесілі екендігін көрсеткен. Тәртіп сақшылары тексере келгенде, аудан тұрғыны өзінің бір бас сиырына ауылдасының да сиырын «Газель» иесіне сатқаны анықталды. Ал ауылдағы мал дәрігері оған анықтама жазып бере салған.

Ал осы оқиғадан 2 күн бұрын осы ауданның тұрғыны өрісте жүрген 1 бас сиырының жоғалғандығы жөнінде аудандық бөлімге арызданған екен. Қолды болған мал осы шағымданушының малы екендігі белгілі болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!