Алматы облысында жел 16 тұрғын үй мен 6 ғимараттың шатырын ұшырды

Фотография - Алматы облысында жел 16 тұрғын үй мен 6 ғимараттың шатырын ұшырды

Алматы облысының Кеген ауылында кеше сағат 14.35-те күшті желдің екпіні 25 м/с-қа жетіп бірнеше нысанның шатырын ұшырып әкетті

131 0

Алматы облысының Кеген ауылында кеше сағат 14.35-те күшті желдің екпіні 25 м/с-қа жетіп бірнеше нысанның шатырын ұшырып әкетті.

Атап айтар болсақ, шамамен 450 м2 аумақта орналасқан әкімдік ғимараттың, «Шырғанақ» дәмханасының - 300 м2, «Айнұр» дәмханасының - 40 м2, Орталық аудандық аурухананың - 20 м2, Жаңабаев атындағы орта мектептің - 20 м2, № 3 орта мектептің - 30 м2 және 16 жекеменшік тұрғын үйдің шатырлары бүлінді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында комиссия жұмыс жүргізуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!