Алматы обылсында маскүнем 11 жасар қызды зорламақ болды

Фотография - Алматы обылсында маскүнем 11 жасар қызды зорламақ болды

Алматы облысының Қазцинк елді-мекеніне қыдырыстап келіп, ішімдікке сылқия тойып алған азамат он бір жасар қызды зорламақ болды. Алайда, бақытына орай жассөпірім қыз қаскөйдің қолынан сытылып шығып, қашып құтылған. Бұл жөнінде аталған аймақтың ІІД баспасөз қызметі хабар таратуда.

180 0

Полиция өкілдері Жамбыл облысынан келген 30 жастағы азаматты қолға түсірді.

Ал құқық қорғау органына зардап шегуші қыздың әпкесі шағым түсіріпті. Олардың күдіктіні сипаттап, бағыт-бағдар көрсетуі бойынша, педофил елді-мекен маңынан ұзамай-ақ қолға түскен.

«Қатты қорқып қалған қыз көмек сұрап, қатты айқайға басады. Мұндай қарсылыққа тап боларын ойламаған күдіктінің қолынан жасөспірім ебін тауып сытылып шыққан», - деп мәлімдеді ІІД мамандары.

Тепсе темір үзетін жігіт өзінің не себептен мұндай әрекетке барғанын еш түсіндіре алмай дал. Қазіргі кезде ол бар пәлені арақ ішіп алғандығымен байланыстырып бағуда.

Аталған оқиғаға орай, қылмыстық іс қозғалды. Енді оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілу үстінде екен.

Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!