Қаражал түрмесінде 2 сотталушы қаза тапты

Фотография - Қаражал түрмесінде 2 сотталушы қаза тапты

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) маусымның 2-сі күні кешке Қарағанды облысы Қаражал қаласындағы АК-159/22 қатаң режимдегі түрмесінде шаруашылық бөлмесінің "төбесі құлап", 2 сотталушы мерт болғанын хабарлады. "Оқыс оқиғадан" 1 сотталушы жараланған.

239 0

Азаттық тілшісімен телефон арқылы сөйлескен комитет өкілі Ғалымжан Хасеновтың айтуынша, олар бөлмеге құрал-жабдықтар алу үшін кірген.

- Қазір Қарағанды облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті тексеріс жүргізіп жатыр. Тұтқындардың аты-жөндерін әзірше айта алмаймыз. Жарақат алған адамның жағдайы қалыпты, -деді ол Азаттық тілшісіне.

Оның сөзіне қарағанда, құлаған ғимарат 1962 жылы салынған.

Бұл түрмеде осыдан біраз күн бұрын 30 шақты адам тінту шараларына қарсылық ретінде денелерін жарақаттаған еді. Бірақ Ғалымжан Хасенов қазір ондағы жағдай "тұрақты екенін" айтады.

Түрмедегі жақындарына алаңдаған сотталушылардың туыстары колонияға барғанмен оларды көре алмаған.

Сотталушылардың бірінің туысы Анастасия Төлендиева түрме басшылығының жақынын әлі күнге дейін көрсетпей отырғанын айтты.

Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!