Еріккен екі жігіт Алматы көшелерімен жалаңаш жүріп өткен

Фотография - Еріккен екі жігіт Алматы көшелерімен жалаңаш жүріп өткен

Алексейдің айтуынша, оның досы Нияз Бөкенов айтылған қашықтықты тоқтаусыз өтем деген сөзінде тұра алмай, бәсте жеңіліп қалған

166 0

Алматыда бәстескен екі жігіт Арбат бойымен жалаңаш серуендеп өткен.

«Біз ІІ Қайырымдылық марафоны кезінде бәстескен едік. Мен онда тоқтаусыз 21 км қашықтықты бағындыруға бел будым. Сол кезде менің досым өзі спортшы болмаса да мен сияқты жүгіріп өте алатындығын айтты», - дейді бәстескен жігіттердің бірі Алексей Мамай.

Алексейдің айтуынша, оның досы Нияз Бөкенов айтылған қашықтықты тоқтаусыз өтем деген сөзінде тұра алмай, бәсте жеңіліп қалған. Сондықтан ол, алдында келісілгендей, Арбат бойымен жалаңаш жүріп өтуі керек болатын. Осындай сындарлы сәтте досын жалғыз жібермес үшін Алексей де шешініп, Арбат бойына Ниязбен бірге тек ішкиіммен ғана шыққан.

«Бастапқыда қорқынышты болды. Жанымыздан өткендердің бәрі бізге күліп қарады. Аналар он алты жасар қыздарының көзін жауып, өздері бізді телефондарымен фотоға түсіре бастады», - деп бөлісті А.Мамай. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!