Мұрат Телібеков қамауға алынды

Фотография - Мұрат Телібеков қамауға алынды

деп хабарлайды Алматы ІІД баспасөз қызметі.

164 0

Қазақстан мұсылмандары одағының басшысы Мұрат Телібеков тұтқындалды, деп хабарлайды Алматы ІІД баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің деректері бойынша, Телібеков мән-жайды анықтаудан бұрын ұсталған. Оның тұтқындалуына қала тұрғындарын әкімдіктің алдында жиналып, заңсыз акция ұйымдастыруы себеп болған көрінеді.

Телібековтың әйелі Екатеринаның айтуынша, ол таңертең серуендеуге шыққан, көп уақыт өтпей Бостандық ауданының ІІАБ-дан үйіне телефон соғыпты. «Ол өзінің тұтқындалғанын, себебін білмейтінін айтты. Қазір ұялы телефоны сөндірулі» дейді Екатерина. Оның айтуынша, Телібековке адвокатпен сөйлесуге тыйым салынған. Ал ресми түрде тіркелмеген Мұсылмандар одағы басшысының туыстары оны бүгінгі әкімдіктің алдында өтуі тиіс акциямен байланыстырып отыр.

Естеріңізге саламыз, Телібеков қала тұрғындарын Алматының әкімі Ахметжан Есімовпен кездесіп, өздерін мазалаған сұрақтарға жауап беруге шақырған болатын.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!