Қарағанды, Қостанай облыстарында өрт салдарынан 4 адам ажал құшты

Фотография - Қарағанды, Қостанай облыстарында өрт салдарынан 4 адам ажал құшты

Қарағанды мен Қостанай облыстарында өрт салдарынан 4 адам мерт болды, бір әйел ауруханаға түстім

219 0

Қарағанды мен Қостанай облыстарында өрт салдарынан 4 адам мерт болды, бір әйел ауруханаға түсті.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеше сағат 06:13-те Жезқазған қаласының «»Здравница» саяжай қоғамына қарасты үй отқа оранған. Тілсіз жау сағат 08.20-да ауыздықталды. Оған ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 19 маманы мен 7 техникасы тартылды. Тілсіз жау 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан 22 жастағы әйелдің және 1 жастағы баланың мәйіттері табылды. Ысты газға уланған әйел ауруханаға жатқызылды.

Қарағанды облысының Байтуған ауылында сағат 09.02-де жеке тұрғын үйден от  шыққан. Қызыл жалын сағат 09.28-де сөндірілді. Оған  ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің4 маманы мен бір техникасы жұмылдырылды. Өрт 12 шаршы метр аумақты жайпады. Оқиға орнынан ер адамның мүрдесі табылды.

Қостанай облысының Рудный қаласында сағат 17.28-де 5 қабатты үйдің 2-ші қабатындағы пәтер отқа оранған. Жалын 18.27-де ауыздықталды. Оған ҚР ТЖМ Қостанай облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 11 маманы мен 3 техникасы тартылды. Оқиға орнынан ер адамның мәйіті табылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!