Қызылордалық азамат өзінің анасын ұрып өлтірді

Фотография - Қызылордалық азамат өзінің анасын ұрып өлтірді

2 маусым күні белгісіз адам кезекші полицияға телефон шалып, қала орталығындағы үйлердің бірінде әйел адамның өлі денесі жатқандығын хабарлады

125 0

Қызылорда қаласының тұрғыны туған анасын ұрып өлтірді.

Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

2 маусым күні белгісіз адам кезекші полицияға телефон шалып, қала орталығындағы үйлердің бірінде әйел адамның өлі денесі жатқандығын хабарлады. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оның Қызылорда қаласының тұрғыны, 1960 жылы туған  әйел екендігін анықтады.

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, марқұм әйел мен оның 1981 жылы туған ұлы арасында жанжал болғандығы анықталды. Дау-дамай барысында ер азамат анасының басынан шәйнекпен ұрып жіберген.  Сол соққыдан жәбірленуші оқиға орнында жантәсілім еткен.

Қазіргі таңда күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!