ОҚО-да полиция полковнигі пара алғаны үшін 3 жылға сотталды

Фотография - ОҚО-да полиция полковнигі пара алғаны үшін 3 жылға сотталды

Бұған қоса, бес жылға дейін құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан айрылды.

151 0

Бұған қоса, бес жылға дейін құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан айрылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш АІІБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Досымхан Исақұлов 30 мың теңге пара алғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айрылды.

Биылғы жылдың қаңтарында Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғыны полицияға барады. Исақұлов Өзбекстаннан жұмысшылар тасымалдауына кедергі келтірмейтініне уәде етіп, одан пара талап етеді.

27 ақпанда облыстың ІІД жеке қауіпсіздік басқармасының жедел қызметкерлері ОҚО Қаржы полициясы қызметкерлерімен бірлесіп, полиция полковнигін Шымкент көшелерінің бірінде пара алып жатқан жерінде ұстайды. Заттай айғақ ретінде ақшалай қаражат тәркіленді.

Сот Досымхан Исақұловты кінәлі деп танып, жалпы режимдегі колонияға үш жылға дейін қамауға және мүлкін тәркілеуге үкім шығарды. Бұдан бөлек, полиция қызметкері бес жылға дейін құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан айрылды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!