Екі адамның ажалы судан келді

Фотография - Екі адамның ажалы судан келді

Қостанай мен Қызылорда облыстарында суға батып кеткен екі адамның мәйіттері табылды

114 0

Қостанай мен Қызылорда облыстарында суға батып кеткен екі адамның мәйіттері табылды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлайды.

Қостанай облысының Амангелді кентінде 35 жастағы ер адам Тобыл өзенінде абайсызда қайықтан құлап, суға кеткен. Бірнеше күннен кейін ҚР ТЖМ Қостанай облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің 5 маманы мен 2 техникасының көмегімен оның мәйіті судан шығарылды.

Кеше кешке Қызылорда облысы аумағында Сарыұзақ көлінде шомылу кезінде 49 жастағы ер адам суға  кеткен. Оның денесін судан жергілікті тұрғындар алып шықты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!