Полицей атын жамылып, азаматтардан ақша бопсалаған әйел адам ұсталды

Фотография - Полицей атын жамылып, азаматтардан ақша бопсалаған әйел адам ұсталды

Алматы облысы ІІД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері полицей атын жамылып, азаматтардан ақша бопсалаған әйел адамды ұстады. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті

128 0

Алматы облысы ІІД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері полицей атын жамылып, азаматтардан ақша бопсалаған әйел адамды ұстады. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Ол азаматтарға құқық қорғау ведомстволарына қатысты туындаған мәселелерді шешуге уәде беріп келген.

«ІІД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына ер адам хабарласып, өзін ішкі істер органдарының қызметкері ретінде таныстырған полиция лейтенанты шеніндегі белгісіз әйелдің жүргізуші куәлігін алу мәселесін шешіп беру үшін 16 мың 500 теңге сұрағанын айтқан. 32 жастағы Алматы облысының тұрғыны ақша алу сәтінде құрықталды.

Ішкі істер органдарына ешқандай қатысы жоқ пысық әйел сәйкес айырым белгілері бар полиция лейтенантының формасын

киіп, өзімен бірге сөмкесінде ресми құжат ретінде алға тартатын қағаздарды алып жүрген», - деді Н.Ораз.

Ұсталған азаматшаның үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 177 бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілу үстінде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!