Атырауда "террорист" деген 8 адамға үкім шықты

Фотография - Атырауда "террорист" деген 8 адамға үкім шықты

Бүгін Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында «терроризм» айыбы тағылған сегіз адамға сот үкімі шықты

218 0

Бүгін Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында «терроризм» айыбы тағылған сегіз адамға сот үкімі шықты

Сотқа  судья Гүлнәр Хаженова төрағалық етті. Сотқа тартылғандар -  Р.Аманжолов, А.Аманғалиев, А.Ізімов, Қ.Ишанғалиев, Е.Құсайынов, А.Қонақбаев, Р.Сисенғалиев және Н.Таиров.

Судьяның айтуынша, олардың барлығына «террористік топ құрды, оның қызметіне қатысты», «заңсыз қару-жарақ дайындады», «заңсыз қару-жарақ сатып алды, оларды тасымалдап» сатты», «кісі өлтіріп, тонады» деген айып тағылған. Айыптыларға 18 жыл мен 23 жыл аралығында түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.

Тергеу деректері бойынша, "террористік топтың басшысы" делінген Р. Аманжолов Түркияға қашып кеткен, қазір халықаралық іздеуде жүр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!