Қарағандыда көліктерді тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Фотография - Қарағандыда көліктерді тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Өткен аптада Қарағанды облысы ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мүлік және автокөлік құралдарынан ақша тонаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

112 0

Өткен аптада Қарағанды облысы ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мүлік және автокөлік құралдарынан ақша тонаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі.

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Күдіктілер өздерінің қылмыстық істерінде дабылқаққышты сканерлеу құрылғысын пайдаланғаны анықталып отыр. Сонымен бірге, 36 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны басқарған топтың салық төлеуден жалтару мақсатында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз коммерциялық ұйым құрғандығы белгілі болды», - деді Н.Ораз.

Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 235 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (Бір немесе

бірнеше қылмыс жасау мақсатында қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру не оны басқару, сол сияқты оған қатысу).

Күдіктілерге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы қолданылып, тергеу амалдары жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!