Алматыда 7 миллион теңгені қолды қылып кеткен қарақшылар ұсталды

Фотография - Алматыда 7 миллион теңгені қолды қылып кеткен қарақшылар ұсталды

Алматы қаласының полиция қызметкерлері мамыр айының аяғында жеке меншік фирманың кассиріне жасалған қарақшылық шабуылының бетін ашты

208 0

Алматыда 7 миллион теңгені қолды қылып кеткен қарақшылар ұсталды.

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Алматы қаласының полиция қызметкерлері мамыр айының аяғында жеке меншік фирманың кассиріне жасалған қарақшылық шабуылының бетін ашты. Қалалық ІІД криминалдық полициясының жедел іздестіру тобы бұрын сотты болған 24-25 жастардағы Алматы облысының тұрғындарын ұстады. Олар 27 мамыр күні жеке меншік фирманың 43 жастағы кассиріне қарақшылық шабуыл жасап, 7 миллион теңгені қолды қылып кеткен. Шабуыл фирманың құрылыс нысанында орын алған. Құрылыс аумағына жүгіріп кірген медициналық тұмшалағыштағы үш ер адам күнделікті түсімді бухгалтерияға апаруға бет алған кассирдің ақшасын күштеп тартып алып, онымен қоймай күзетшіні травматикалық тапаншамен атып жаралап, оқиға орнынан бой тасалаған.

«Күдіктілер жалдамалы пәтерде қолға түсті. Тінту барысында олардан Макаров тапаншасы табылды. Тәркіленіп алынған тапаншаның қандай да бір қылмысқа қатыстылығын анықтау мақсатымен баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, олардың үстерінен қылмыстық іс қозғалды», - деді Н.Ораз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!