Ақтөбеде 1 келіден астам героинмен ОҚО тұрғыны ұсталды

Фотография - Ақтөбеде 1 келіден астам героинмен ОҚО тұрғыны ұсталды

Ақтөбеде 1 келіден астам героинмен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды

119 0

Ақтөбеде 1 келіден астам героинмен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды.

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Ақтөбе облысы ІІД Есірткі бизнесіне және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері Ақтөбе қаласында «Опель-Вектра» автокөлігін ұстады. Тінту барысында автокөлік жолаушысы - 47 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасынан аса ірі мөлшерде «героин» есірткі заты тәркіленіп алынды. Сарапшы қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың салмағы 1 келі 105 грамды құрады», - деп атап көрсетті ол.

Қылмыстық іс қозғалып, казіргі таңда ұсталған тұлғаның тәркіленіп алынған есірткіні сату ниетін және облыс аумағына «героин» тасымалдау арнасын анықтауға бағытталған жедел іздестіру, арнайы және тергеу кешені жүргізілу үстінде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!