Алматы облысында 9 жыл бойы іздестірілген барымташы ұсталды

Фотография - Алматы облысында 9 жыл бойы іздестірілген барымташы ұсталды

Қылмыстық ортада «мяу-талғат» лақап есімімен танымал әккі барымташыны қолға түсірді

105 0

Алматы облысында Ақсу АІІБ тәртіп сақшылары 9 жыл бойы ұстатпай жүрген, қылмыстық ортада «мяу-талғат» лақап есімімен танымал әккі барымташыны қолға түсірді.

1970 жылы туған ер адам мал ұрлығы үшін екі рет сотталған. Баукеспе арам пиғылын тек жеке өзі іске асыратын болған. Оған 2004 жылдың сәуірінде облыстың солтүстік өңірінде мал ұрлады деген күдікпен іздеу жарияланған еді.

«Қылмыстық іздестіру қызметкерлері еліміздің түрлі облыстарында бой көрсетіп, артынша ізім-ғайым жоғалып кететін барымташының ізіне түсу үшін аз тер төккен жоқ. Ақырында  күдіктінің орналасқан жері туралы түскен ақпарат бойынша Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде құрықталды», - деді Ақсу АІІБ бастығы Ерлан Сансызбаев.

Бүгінгі таңда қарақшы қамауға алынды. Тәртіп сақшылары оның 10 қылмыстық оқиға бойынша 35 ірі қара малды ұрлауға қатысы бар екенін дәлелдеді. Тергеу жұмыстары жалғасуда.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!