Оралда 25 келі героиннің көзі жойылды

Фотография - Оралда 25 келі героиннің көзі жойылды

Кеше Орал қаласында 25 келіден астам героин отқа жағылды

157 0

Кеше Орал қаласында 25 келіден астам героин отқа жағылды.

ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментінің қызметкерлері биылғы 27 ақпанда Ауғанстаннан Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан арқылы Ресейге асатын халықаралық есірткі тасымалының жолын кесіп, 25 келі 230 грамм героинді тәркілеген болатын. Есірткі тасымалымен айналысқан қылмыстық топ мүшелері құрықталып, тергеу амалдары жалғасуда.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті БҚО бойынша департаменті тергеу бөлімінің бастығы Берік Тусовтың айтуынша, оларға қатысты ҚР ҚК 259-бабы 4-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде ұсталғандардың Тәжікстан мен Ресей аумағындағы сыбайластары іздестірілуде. Есірткі тасымалымен айналысушылар аталмыш есірткінің 2 келісін Оралда сатуды, қалғанын Самара арқылы Ресей аумағына таратуды жоспарлаған. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!