Алматыда БМВ жүргізушісі қарияны қағып кетті

Фотография - Алматыда БМВ жүргізушісі қарияны қағып кетті

Алматы облысында БМВ жүргізушісі 85 жастағы қарияны қағып кетті, деп хабарлайды Алматы облысының Ішкі істер департаменті

148 0

Алматы облысында БМВ жүргізушісі 85 жастағы қарияны қағып кетті, деп хабарлайды Алматы облысының Ішкі істер департаменті.

Үшқоңыр-Қарғалы жолында, Бекболат елді-мекеніне жақын маңда түнгі 02.20-да БМВ жүргізушісі 85 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Қария ауыр жарақаттан сол жерде жан тапсырған. ІІД ақпараты бойынша, 32 жастағы жүргізуші қарияны жолға кенеттен шыға келгенде байқамай қалған. Тіпті тежегішті жылдам басқан күннің өзінде көлікті тоқтатып үлгермеген.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!