Алматы облысында 11 сынып түлегін зорлаған ер адам ұсталды.

Фотография - Алматы облысында 11 сынып түлегін зорлаған ер адам ұсталды.

Алматы облысы Райымбек ауданы Жамбыл ауылында 11 сынып түлектерінің бірі 25 мамыр күні кешке зорланған болатын

225 0

Алматы облысы Райымбек ауданы Жамбыл ауылында 11 сынып түлектерінің бірі 25 мамыр күні кешке зорланған болатын.

«Тергеу материалдарына сәйкес, жәбірленуші мектептен келе жатқан. Үйінен бірнеше метр қашықтықта қыз бала бұрыннан таныс көршісін кезіктірген, көршісі оны қараусыз қалған үйге күштеп алып кіріп, зорлаған. Өкінішке орай, көмекке шақырған дауысты ауылдың ешбір тұрғыны естімеген. Аталған қылмыста қылмыскерге қызды үйге күштеп кіргізіп, сол уақыт бойында есіктің сыртында тосып тұрған танысы көмектескен. Болған жағдай туралы жәбірленуші полицияға хабарлаған. Осы уақытта зорлаушы жасырынып үлгерген. Қылмыстың алдын алуы тиіс болса да, олай істемей, керісінше, қылмыскерге көмектескен танысынан сұрақ-жауап алынған. Оның мұндай әрекетсіздігі қылмыстық жауапкершілік жүктейді», - деп хабарлады Алматы облысы Райымбек ІІД АІІБ бастығы Мақсат Құсайынов.

Жедел іздестірушілер қашқынның таулы жерлерде жасырынып жүргенін білді. Оны іздестіру үшін арнайы жедел-тергеу тобын құрды. Сондай-ақ, іздестіру іс-шараларына кинологтар және арнайы үйретілген иісшіл ит пен ауылдың белсенді тұрғындары қатысты.

Кеше кешкі сағат бес шамасында зорлаушы Байынкөл өзені жағасында ұсталды. Ал сағат 20.30-да сот санкциясымен ол қамауға алынды және ҚР ҚК 132-бабының нормаларына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Оған ҚР ҚК 120-бабы 1-бөлімінде қарастырылған қылмыс белгілері (зорлау) бойынша айып тағылды. Тергеу жалғасуда, ол аяқталған соң  С. есімді азамат сотқа тартылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!