Алматы облысында көпбалалы ана есірткімен ұсталды

Фотография - Алматы облысында көпбалалы ана есірткімен ұсталды

деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті.

168 0

Алматы облысында көпбалалы ана есірткімен ұсталды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті.

«Полицейлердің мәліметіне қарағанда, Шамалған станциясының 34 жастағы тұрғыны тұрақты түрде есірткі сатумен айналысқан. Ол есірткінің дозасын 6 мың теңгеге бағалаған»,-деді ІІД өкілі С.Әзірбек.

«Қолға түскен әйелдің күйеуі бұған дейін сотталғаны және кәмелетке толмаған төрт баласы бар екені белгілі. Әрі өзі де есірткіге тәуелді екен, героин қолданған»,-деді Алматы облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасы басшысы полиция полковнигі Қанат Жанысбаев.

Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, қолға түскен әйел қылмысын бірден мойындаған. «Бүгін Л. деген азаматша қамауға алынды. Оның кәмелетке толмаған балаларының тағдыры белгісіз»,-деді Қ. Жанысбаев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

есірткі

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!