Алматы облысында барымташылар тобы ұсталды

Фотография - Алматы облысында барымташылар тобы ұсталды

 Арнайы шаралар барысында тәртіп сақшылары Алматы облысы Ақсу ауданындағы фермердің бір үйір жылқысын айдап әкеткен барымташылар тобын қолға түсірді.

240 0

 Арнайы шаралар барысында тәртіп сақшылары Алматы облысы Ақсу ауданындағы фермердің бір үйір жылқысын айдап әкеткен барымташылар тобын қолға түсірді.

Мамыр айының ортасында Қапал ауылының маңындағы «Дөңгелек» өрісінде жайылып жүрген 20 бас жылқы қолды болған. Жылқыларынан айырылған фермер келтірілген залалдың көлемін 4 млн.теңгеге бағалап отыр.

«Ақсу АІІБ қызметкерлері бірнеше тәулік бойы барымташылардың ізіне түсті.  Олар облыстағы 4 ауданның шекарасын таулардағы соқпақтар арқылы кесіп өткен. Нәтижесінде Кербұлақ ауданының шалғай ауылынан күдіктілердің екеуі ұсталды. Қарақшының бірі 1952 жылы туған, бірнеше рет сотталып, өмірінің 18 жылын темір тордың ар жағында өткізген. Күдікті қылмыстық ортада «Муза» лақап есімімен танымал. Ал екіншісі, 20 жастағы жігіт бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Екеуі де тек жылқыларды ұрлауға маманданған», - деп мәлімдеді Ақсу АІІБ бастығы полиция полковнигі Ерлан Сансызбаев.

Айдап әкетілген жылқының 16-сы иесіне қайтарылды. Бүгінде қолды болған өзге жылқыларды іздестіру шаралары жалғасуда. Ұсталған екі күдікті қамауға алынып, тәртіп сақшылары олардың Алматы облысында тіркелген басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеруге кірісті.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!