ШҚО-да аусыл дертіне шалдыққан 800-ден астам бас мал жойылады

Фотография - ШҚО-да аусыл дертіне шалдыққан 800-ден астам бас мал жойылады

Шығыс Қазақстан облысында аусыл дертіне шалдыққан 800-ден астам бас мал жойылады, деп хабарлады жұмада облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

261 0

Шығыс Қазақстан облысында аусыл дертіне шалдыққан 800-ден астам бас мал жойылады, деп хабарлады жұмада облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

 

Диагнозды қою үшін патологиялық материалдар Шығыс Қазақстан облысының «Республикалық ветеринарлық зертханасы» РМҚ-ға жіберілді. Бүгінгі күні аусыл ауруының клиникалық белгілері ірі қара малдың 40 басында анықталып отыр. Жаңа Ауыл ауылдық округі әкімінің атына аусыл ауруы бар деген күдікпен ошаққа карантин жариялау жөнінде ұсыныс жіберілді. Ауыл шекара аймағындағы елдімекен болып табылады, ҚХР-ның мемлекеттік шекарасынан 100 м. қашықта орналасқан.

 

«6 маусымда лабораториялық анализ оң нәтиже берді. Қазіргі таңда осы округтерде қатынаста болған 807 бас ІҚМ жою бойынша жұмыстар жүргізілуде», - делінген хабарламада.

 


Тегтер:

өрт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!