Алматы облысында ауыл тұрғыны көршісін абайсызда винтовкадан атып өлтірді

Фотография - Алматы облысында ауыл тұрғыны көршісін абайсызда винтовкадан атып өлтірді

Алматы облысындағы Балқаш ауданында полицейлер Бақбақты ауылының 28 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғады.  Ол өзінің ауылдасын абайсызда пневматикалық винтовкадан атып өлтірген.

222 0

Алматы облысындағы Балқаш ауданында полицейлер Бақбақты ауылының 28 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғады.  Ол өзінің ауылдасын абайсызда пневматикалық винтовкадан атып өлтірген.

Балқаш АІІБ кезекшілік бөліміне аудандық ауруханаға жеткізілген 51 жастағы ер адам қайтыс болғаны туралы хабар келіп түсті. Дәрігерлердің айтуынша, оған ішіне пневатикалық қарудан оқ тиген.

Полицейлер қайтыс болған адамның көршісін ұстап, «Cricket»  пневматикалық винтовкасын тәркіледі. Еріккен ер адам өз ауласындағы бақшада жүріп, қарғаларды атқан. Кездейсоқ тиген оқ көршісін жаралаған, зардап шеккен адам ауырсынып, жедел жәрдем шақырған.

Қазіргі кезде тәркіленген винтовка ҚР ҚК 101-бабымен - «Абайсызда өлімге соқтыру» бойынша қозғалған қылмыстық іске тіркелді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!