Қазақстандық шекарашылар 11 тоннадан астам контрабандалық құс етін әшкереледі

Фотография - Қазақстандық шекарашылар 11 тоннадан астам контрабандалық құс етін әшкереледі

 «Қасық» заставасының шекарашы-сарбаздары жедел-іздеу шаралары аясында контрабандалық жүк тасымалына күдікті Қазақстанның бес азаматы мен Қырғызстанның екі азаматы ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметі. 

205 0

«Жүк «Митсубиси делика» маркалы 12 автокөлікте жеке үй-жайдан табылды. Мұнда жалпы салмағы 11 340 кг болатын құс еті және 1 350 кг халықтық тұтыну тауары болған», – деді ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметінде.

Ұсталған азаматтар контрабандалық іске қатысы бар екендерін жоққа шығарып отыр. Үй-жай иесі де 12 автокөліктің қайдан келгенін түсіндіре алмауда.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!