Қарағандыда тұрғын үйдің балконы опырылып, екі адам қаза болды

Фотография - Қарағандыда тұрғын үйдің балконы опырылып, екі адам қаза болды

Қарағанды қаласында тұрғын үйдің балконының опырылып құлауынан екі жұмысшы ажал құшты

218 0

Қарағанды қаласында тұрғын үйдің балконының опырылып құлауынан екі жұмысшы ажал құшты.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

9 маусым күні Қарағандыда іргесі 1932 жылы қаланған үйдің балконының жақтауларын бөлшектеу барысында 3-інші қабаттағы балкон опырылып құлады.

Сол уақытта балконда болған пәтердің қожайыны жалдаған 35 жастағы екі жұмысшы ауруханаға жеткізіліп, онда алған жарақаттардан көз жұмды.

Балконның қалған бөлшектері ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД-ның 3 маманының және бір техниканың көмегімен бұзылып алынды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!