Астанада оқушы қыз өзіне қол жұмсамақ болып, көпірден секірді

Фотография - Астанада оқушы қыз өзіне қол жұмсамақ болып, көпірден секірді

Астана полицейлері өзіне қол жұмсамақ болып, көпірден секірген 16 жасар қызды құтқарды

210 0

Астана полицейлері өзіне қол жұмсамақ болып, көпірден секірген 16 жасар қызды құтқарды, деп хабарлайды елордалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, 8 маусым шамамен сағат 15.00 Астана патрульдік полиция полкі кавалериялық ротасының тәртіп сақшылары кезекшілікті атқару барысында Сарайшық көшесіндегі көпірден қыз баланың суға секіргенін көрген.

«Полиция аға сержанты Айбек Ғаппаров оның соңынан суға секірді. Қызды жағаға алып шыққан соң тәртіп сақшысы өзінің әріптесі, полиция аға сержанты Беркімбек Сейдуәлиевпен бірге жедел жәрдем жеткенше оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Полиция сержанттарының жеделдігінің және уақытылы қабылдаған шараларының арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді», - делінген хабарламада.

Қыз суға секірер алдында туғандарына смс-хабарлама жолдап, онда ата-анасынан кешірім сұраған. Ал аяқ киімі мен ұялы телефонын жаяу жүргіншілер жолына қалдырған. Оның өз-өзіне қол салу әрекетінің себептері анықталу үстінде.

Құтқарылған қыз «бел және мойын омыртқаларының жарақаты» диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмектен кейін ол үйіне қайтарылды.

Бүгінгі таңда мектеп оқушысы ата-анасының қарауында, онымен Астана қалалық ІІД кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімнің психологтары мен қызметкерлері жұмыс істеуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!