Көршісінің кесірінен екі жеткіншек моншада тұншығып өлді

Фотография - Көршісінің кесірінен екі жеткіншек моншада тұншығып өлді

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының тұрғыны көршісінің мұржасынан ұшқан отты бекітемін деп, моншада шомылып жатқан екі көршісін кездейсоқ өлтіріп тынды

205 0

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының тұрғыны көршісінің мұржасынан ұшқан отты бекітемін деп, моншада шомылып жатқан екі көршісін кездейсоқ өлтіріп тынды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Ол үйінің ауласында жұмыс істеп жүріп, көршісінің моншасының құбырынан ұшқан отты байқайды. Үйдің төбесінде жиналған мая шөпті оттан қорғамақ болып мұржаны бекітеді.

«Моншада адам бар-жоғын тексеріп алмай, қолына күрек алып моншаның төбесіне шығады. Күрек сырғанап құбырда тұрмаған соң, шатырда жатқан жұлым-жұлым жүнмен мұржаны тас қып бекітеді. Моншаның ішін улы газ жайлап, жуынып жатқан ағайынды балалар сол жерде мерт болады. Балалардың бірі кәмелетке толмаған.», - дейді баспасөз қызметінің мамандары.

Аудандық соттың шешімімен, қылмыскер кездейсоқ кісі өлтірді деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылды, жаза мерзімін ауылдағы колонияда өтейді. Алайда, сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!